20 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №18-03/404

236 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 сәуір, Астана қаласы Аңшы куәліктерін беру жөніндегі есептіліктің нысанын бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған аңшы куәлігін беру бойынша есептілік нысаны бекітілсін. 2. «Аңшы куәлігін беру бойынша есептілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/122 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7513 болып тіркелген, 2012 жылы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________ Е.Досаев 2015 жылғы «___» ____________ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №18-03/404 бұйрығымен бекітілген Нысан Аңшы куәліктерін беру жөніндегі есептіліктің нысаны Р/с № Аңшы куәлігі кімге берілді, тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Тестілеу хаттамасы (күні, нөмірі) Берілген сертификаты (нөмірі, күні, қолдану мерзімі) 1 2 3 4 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 23 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11735 болып енгізілді.